Перейти к содержимому

ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің ШҚО бойынша өкілдері біздің 11-сынып…

ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің ШҚО бойынша өкілдері біздің 11-сынып түлектерімен, сондай-ақ 10 «А» және 10 «Б» сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Балаларға Қазақстан, Ресей және Түркияның әскери жоғары оқу орындары туралы демонстрациялық бейнеролик көрсетілді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің ШҚО бойынша капитаны-Смолянин Никита Андреевич болашақ талапкерлерге тегін жоғары білім туралы айтып берді. Әскери және азаматтық мамандық алу мүмкіндіктері. ҰБТ-ның шекті балы-50-ден бастап, ЖОО түлектері оқу бітіргеннен кейін келесі мамандықтарды алады: заңгерлер, педагогтар, психологтар, радиотехника және байланыс, көлік және технологиялар және т.б., «лейтенант» атағын беру және офицерлер лауазымдарында қызмет өткеру курстарынан өту үшін. Талаптар: Жоғары білім, әскери билет, 30 жасқа дейін.
Кездесу барысында балалар қандай емтихандарды тапсыру керек, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер, сырттай оқуға қабылдау жүргізіле ме, ҰБТ тапсыру кезінде қанша балл жинау керек деген сұрақтарға қызығушылық танытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *