Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздер – Қазақстан деп аталатын тәуелсіз елде дүниеге келген бақытты ұрпақсыздар. Елдің атын әлемге танытып, көркейіп-көріктенуіне үлес қосатын жас өркенісіздер.
Біз қай заманда да болашағымызды баламен байланыстырып, жақсылыққа ұмтылатын халықпыз. Ұрпақтарымыздың сапалы өмір сүруге жағдай жасап, дұрыс жол таңдауға бағдар беру біздің алдыңғы буын ағалардың парызы. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан ондай жағдайдың барлығы жасалуда. Балалықтың бақытты шағына лайық балабақшалар, сапалы білім, саналы тәрбие беретін білім ошақтарымен қамтамасыз етуде.
Сіздерден өз кезегімізде қатарластарына өнеге көрсететін, оқуда озат, достарын жақсылыққа жетелейтін ұрпақ болғандарыңызды қалаймыз. Отанын шынайы сүйетін, қастерлей білетін азамат ретінде өскендеріңізді көргіміз келеді.
Сіздердің жақсы оқып, білімді болғандарыңыз тек ата-аналарыңыздың ғана мақтанышы емес, еліміздің болашаққа деген сенімі. Өздеріңізге көрсетілген осындай сенімге үлкен жауапкершілікпен қараңыздар.
Әрдайым мерейлеріңіз үстем болып, игі арман-тілектеріңіз жүзеге ассын!
Дорогие наши дети!
От всей души поздравляем вас с 1 июня – Международным Днем защиты детей.
Вы – наше будущее и смысл жизни, воплощение наших самых больших надежд.
Вы – счастливое поколение, родившееся в независимом Казахстане, именно вам предстоит сделать родную страну еще более узнаваемой во всем мире, внести вклад в ее процветание.
Долг каждого взрослого – окружить детей вниманием, любовью и заботой, вырастить здоровыми, умными и добрыми. В настоящее время нашим государством создаются все условия для гармоничного и всестороннего развития подрастающего поколения.
Мы, взрослые, хотим, чтобы вы отлично учились, выросли честными людьми, умеющими ценить дружбу, сделали правильный выбор в жизни и стали настоящими патриотами Родины.
Пусть над вашими головами всегда будет мирное синее небо, пусть невзгоды и трудности обойдут вас стороной. Оправдайте надежды ваших родителей, будьте достойными гражданами страны!
