Физика пәнінің мұғалімі Акиық Октябрьқызы 16 сәуір күні 8«Б» сыныбында Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне орай «Ғаламшараралық миссиялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқушылар сабаққа алдын ала дайындалып, графикалық редакторлар мен жасанды интеллектті қолданып плакаттар әзірледі, ал сабақ барысында өз жұмыстарын қорғап, таныстырды. Олар миссиялардың мақсаттары қандай болғанын, қандай технологиялар қолданылғанын және қандай нәтижелер алынғанын қызықты әрі түсінікті етіп жеткізе білді. Әр оқушы өз таңдаған миссиясы мен тақырыбының ерекшеліктері мен қызықты деректерін сыныпқа жеткізуге тырысты.
Сабақта мынадай сұрақтар қарастырылды:
– Болашақта қандай миссиялар жоспарлануда?
– Ғаламшараралық миссия деген не?
– «Марстан хаттар»: ғарыш ровері жүргізетін қиялдағы блог
– Басқа планеталарға жасалған алғашқы ұшулар
– Ғарыш аппараты қалай құрылған?
– Аппарат Жерге сигналды қалай жеткізеді?
– Ғаламшараралық миссиялардың саяхат картасы
Сабақ өте танымды әрі қызықты өтті. Оқушылар ғарыш туралы көп жаңа мәлімет алып қана қоймай, қазіргі заманғы технологияларды оқу үдерісінде қалай тиімді қолдануға болатынын көрсетті.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
Учитель физики Акиык Октябрькызы провела открытый урок 16 апреля, в честь Всемирного дня авиации и космонавтики, в 8Б классе на тему «Межпланетные миссии». Ребята заранее подготовили плакаты, используя графические редакторы и искусственный интеллект, а на уроке представляли и защищали свои работы. Ученики интересно и доступно объясняли, какие цели были у миссий, какие технологии использовались и какие результаты были получены. Каждый старался донести до класса интересные факты и особенности выбранной миссии и темы. Они рассказывали о том:
Какие миссии планируются в будущем?
Что такое межпланетная миссия?
«Письма с Марса»: воображаемый блог космического ровера.
Первые полёты к другим планетам
Как устроен космический аппарат?
Как аппарат передаёт сигнал на Землю?
Карта путешествий межпланетных миссий
Урок получился познавательным и увлекательным. Ребята не только узнали много нового о космосе, но и показали, как можно использовать современные технологии для обучения
#Біртұтас_тәрбие