Бүгін, наурызнама онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні».
Ұлттық спорт түрлерінің өмірімізде алар орны ерекше. Ол тек дене шынықтырып, салауатты өмір салтын қалыптастырып қоймай, елге, салт-дәстүрге, тарихқа деген құрметті, патриоттық рухты асқақтата түседі. Жалпы кез келген халықтың ұлттық ойындары арқылы сол елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі танылады.
Мектебімізде “Наурызнама” тұжырымдамасы аясында “Ұлттық спорт” күніне орай 9-сыныптар арасында спартакиада өтті. Атаулы күнде арқан тартыс, қыз қуу, бәйге, асық ату, оқтау тартыс, бес асық, қол күресі, ләңгі тебу, т.б. ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, оқушыларымыз бақтарын сынады. Барлық оқушылар белсене қатысып. Оқушылар жүлделі орынға ие болды.
Ұйымдастырушылар: «Қазақ тілі мен әдебиет пәнін мұғалімдері» Ильясова Г.С Бекшеинова С.Е. Спорт ұйымдастырушысы: Оралхан М.С
Ұлттық спорт ғасырлар бойы көшпелілер өркениетінің рухын көрсетіп келеді. Бұл жай ғана жарыс емес, бұл – ата-бабаларымыздың өмір жолының, күш-қуаты мен мейірбандығының және даналығының көрінісі.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
Сегодня, согласно декаде наурызнама, 20 марта – “Национальный День спорта”.
Национальные виды спорта занимают особое место в нашей жизни. Он не только поддерживает физическую форму, формирует здоровый образ жизни, но и воспитывает уважительный, патриотический дух к стране, традициям, истории. В целом культура и быт этой страны признаются национальными играми любого народа.
В рамках концепции “Наурызнама” в нашей школе прошла спартакиада среди 9 классов, приуроченная ко Дню “национального спорта”. В этот день были организованы соревнования по национальным видам перетягивания каната, кыз куу, байге, асық ату, тартыс, бес асык, армрестлинг, лангыкту и др. Все учащиеся приняли активное участие. Учащиеся заняли призовые места.
Организаторы: учителя казахского языка и литературы Ильясова Г.С., Бекшеинова С. Е., организатор спорта: Оралхан М. С
Национальный спорт на протяжении веков отражает дух кочевой цивилизации. Это не просто гонка, это жизнь наших предков.
#Біртұтас_тәрбие
#nauryznama2025