29 сәуір күні 9-сынып бітіруші оқушылар Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Жоғары IT колледжінде өткен «Ашық есік күні» шарасына қатысты. ШҚТУ колледжі — Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде үздіксіз кәсіптік білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында құрылған. «Мектеп – колледж – университет» жүйесінде білім алудың бірізділігі қамтамасыз етілген.
Колледжде жоғары білікті оқытушылар құрамы қызмет атқарады. Сабақтарды колледж оқытушыларымен қатар, университеттің ғылым кандидаттары, доценттері мен профессорлары дәріс береді.
Шара барысында оқушыларға колледжде білім алудың артықшылықтары таныстырылды:
әлеуметтік серіктестер есебінен білім алуға мүмкіндік;
оқу процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу;
Futurum, Veritas атты ғылыми-өндірістік оқу орталықтарында сабақ өткізу;
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да қысқартылған бағдарлама бойынша оқуын жалғастыру мүмкіндігі;
басқа өңірлерден келген студенттерге жатақханадан орын берілуі;
жұмысқа орналасудың кең мүмкіндіктері.
Сондай-ақ колледждің келесі мамандықтары туралы толық ақпарат берілді:
Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару;
Есептеу техникасы және ақпараттық желілер;
Графикалық және мультимедиялық дизайн;
Түсті металдар металлургиясы;
Пайдалы қазбаларды байыту;
Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару;
Бағдарламалық қамтамасыз ету;
Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану;
Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
Машина жасау технологиясы;
Есеп және аудит.
