25 сәуір күні мектебіміздің командасы жол қозғалысының жас инспекторлары отрядтарының «ЖЖИ – 2025» атты қалалық слетіне қатысты.
Слет Өскемен қаласы полиция басқармасының, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК-ның әлеуметтік әріптестігі аясында жол қозғалысы Ережелері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру және жолдарда оқушылардың қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін насихаттау бойынша ЖҚЖИ отрядтарының тәжірибесін тарату бойынша ЖҚЖИ отрядтарының қызметін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Слетке Октябрь ауданының 12-14 жас аралығындағы 200-ден астам оқушыны қамтыған 23 жасақ қатысты. Біздің мектебіміздің жасағын 5 «А» сынып оқушылары: Андрейко Артем, Аполонова Милана, Бахытхан Айшанур, Горбунова Карина, Нефёдов Богдан, Коршева Маргарита, Петрученя Адлан, Колесникова Александра, Тропин Максим ұсынды.
Слет бағдарламасында 6 конкурс бойынша жарыстар қарастырылды: үгіт бригадаларының конкурсы, саптық байқау, Жол қозғалысы ережелерінің білгірлері, Жас реттеуші, білімпаздар турнирі, жас санитар. Барлық конкурстардың нәтижелері бойынша біздің жасақ «Білімпаздар турнирі» конкурсында 1 орынды және «Жас реттеуші» конкурсында 3 орынды иеленді. Номинация жеңімпазы мен жүлдегері – Коршева Маргарита мен Нефёдов Богдан мадақтамалармен марапатталды.
Королев В.М., ЖҚЖИ жасағының жетекшісі