23 сәуір күні мектебіміздің 9-сынып түлектері Шығыс Қазақстан облысында өткен дәстүрлі «MY PRO» кәсіби фестиваліне қатысты. Шараның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау және мектеп оқушыларына болашақ кәсібін таңдауға көмектесу.
Фестиваль аясында оқушылар өңіріміздегі 17 колледж бен 5 жоғары оқу орнының мамандықтарымен және қабылдау шарттарымен танысты. Шараның шымылдығы «Ақ Ертіс» фольклорлық ансамблінің тамаша музыкалық қойылымымен ашылды. Ансамбль – халық әртістері Абдуллиндер ағайындарының атымен аталатын Шығыс Қазақстан өнер колледжінің студенттері.
Кәсіби алаңдарда оқушылар сұранысқа ие мамандықтар туралы мағлұмат алып, ұстаздар мен студенттерден кеңес сұрап, шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
«MY PRO» фестивалі – түлектер үшін болашақ мамандығын өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сай саналы түрде таңдауға жол ашқан маңызды шара болды.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
23 апреля выпускники 9-х классов посетили традиционный фестиваль профессий « MY PRO». Основная цель мероприятия – популяризация рабочих профессий, а также оказания содействия школьникам в выборе будущей профессии. На фестивале выпускники 9-х классов познакомились с условиями поступления, специальностями 17- колледжей и 5- ВУЗов Восточно-Казахстанской области. Открытие фестиваля сопровождалось музыкальным выступлением фольклорного ансамбля «Ақ ертіс», студентами Восточно-Казахстанского училища искусств имени народных артистов братьев Абдуллиных. Мероприятие, ставшее ежегодной традицией, является важным шагом на пути к выбору профессии в соответствии со способностями будущих специалистов. На профессиональных площадках участники ознакомились с востребованными специальностями.
#Біртұтас_тәрбие
#myproфестиваль
#месячникпрофориентации