Skip to content

19 наурыз – «Жаңару күні». Бұл күн – жаңа идеялар…

19 наурыз – «Жаңару күні». Бұл күн – жаңа идеялар мен құндылықтардың, алға қойған мақсаттардың жемісін беріп, өркендеуге жетелейтін кезі.
Наурыз мейрамын тойлау аясында мектебімізде 19 наурыз «Жаңару күні» күні болып жарияланып, соған байланысты іс-шаралар өткізілді.
Фестивальға 5-11 сыныптар қатысты.
Балалар ата-аналарымен және ұстаздарымен бірге ынта мен оптимизмге толы Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының фестивалін ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шарада еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің басын біріктіретін ассамблеяның республикадағы ұлтаралық тұрақтылықты сақтауға және еліміздің дамуына зор үлес қосып отырғаны – көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау мен дамыту, барша қазақ халқының бір-біріне деген қолдауына және бір-біріне деген алғысы туралы ақпарат берілді. Шара соңында «Әжелер» шығармашылық тобы өнер көрсетті. «Әжелер» шығармашылық тобы табыс, бақыт, бейбітшілік, ұзақ ғұмыр, денсаулық, бақ-береке тілеп, «Бата беру» рәсімін орындап, соңында үлкендер мен балалардың сүйіспеншілігіне бөленген Шашу ырымын орындады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *