Skip to content

11 сәуір күні мектебімізде Ғарышкерлер күніне арналған апталықтың ашылу салтанаты…

11 сәуір күні мектебімізде Ғарышкерлер күніне арналған апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Ғарыш тақырыбы балаларға да, ересектерге де әрқашан қызықты. Себебі ғарыш — бұл сұлулық, құпияға толы әлем, қиялға қанат бітіретін кеңістік және жаңа білім көзі.
Оқушылар Күн жүйесі, ғаламшарлар, жұлдыздар мен ғарыштық техника жайлы қызықты мәліметтермен танысты. «Бұл таңғажайып ғарыш» атты викторинаға, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынына қатысты. Сонымен қатар «Күн — чемпион», «Зымырандар», «Салмақсыздық» атты қимылды ойындар ойналды. Күні бойы шырқалған ғарыш тақырыбындағы әндер ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ғарышкерлер күніне арналған көркемөнер көрмесі де көпшілікті таңдандырды — шығармашылықтың сан түрлі, әсерлі туындылары көздің жауын алды.
Бұл «ғарыштық» күн оқушыларға жаңа планеталық білім ғана емес, ерекше рухани шабыт сыйлады.
Барлық қатысушылар: «Егер шын ниеттенсең — ғарышқа да ұшуға болады!» деген оймен келісіп тарқасты.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
11 апреля в нашей школе прошло открытие недели, посвященное Дню космонавтики. Тема космоса притягательна для детей, как и для взрослых, ведь космос – это красота, таинственность, новые знания и простор для фантазии. Ребята знакомились с интересными фактами о нашей Солнечной системе, планетах, звездах и космической технике. Участвовали в викторине «Этот удивительный космос», в игре «Что? Где? Когда?», подвижных играх «Солнце – чемпион», «Ракеты», «Невесомость», а также слушали песни о космосе. Выставка художественного творчества, посвящённая Дню Космонавтики, восхитила всех. Космический день принес детям новые планетарные знания и неземную радость! Все согласились с тем, что если очень захотеть – можно в космос полететь!
#Біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *