Skip to content

10-14 ақпан аралығында біздің мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан…

10-14 ақпан аралығында біздің мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан қалалық Мектеп лигасының финалдық ойындары өтті. Турнир бүкіл өмірін жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне арнаған, Ы.Алтынсарин медалімен марапатталған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Назырова Евгения Анатольевнаны еске алуға арналды. Финалдық ойындарға іріктеу ойындарынан өткен 12 команда қатысты. Жарыс барысында №17 мектебінің командасы барлық ойындарды ойдағыдай өткізіп, турнирде 1-орынға ие болды. Жабылу салтанатына отбасы өкілі-Назырова Элеонора Юрьевна қатысушыларды турнирдің аяқталуымен құттықтап, турнир ұйымдастырушылары мен мектеп директорына турнирді өткізгені үшін алғыс білдіріп, барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар табыс етті. Турнирдің барлық қатысушыларын мектеп директоры Абдрахманова Гүлмира Файзолдаевна, ШҚО баскетбол федерациясының және қалалық дене шынықтыру және спорт комитетінің өкілі құттықтады. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командаларға грамоталар, медальдар мен кубоктар табыс етілді. Турнир соңында барлық спортшылар естелік ретінде жалпы суретке түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *