📚 Бүгін мектебімізде «2025–2026 оқу жылындағы мектептің білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педкеңес жұмысына:
▫️ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры Жуманова Гаухар Сайлаубекқызы;
▫️ Өскемен қалалық білім бөлімі ГМК әдіскері Юрова Юлия Владимировна қатысты.
Кеңестің модераторы – мектеп директоры Абдрахманова Гүлмира Файзолдаевна.
🔹 Кеңес барысында талқыланған мәселелер:
— 2025–2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері;
— «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу;
— 2024–2025 оқу жылы бойынша мектеп жұмысының қорытындылары;
— оқу және тәрбие жұмысының жылдық жоспарларын бекіту;
— білім алушылар үшін қауіпсіз жағдай жасау;
— педагогтарға арналған ішкі тәртіп ережелері;
— жаңа мұғалімдерді таныстыру және мектептегі түрлі бағыттар бойынша комиссиялар құру.
🔹 Педкеңес қорытындысында жаңа оқу жылына арналған мектептің қызметі мен дамуындағы негізгі міндеттер айқындалып, педагогикалық ұжым тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
✨ Педагогикалық кеңес жоғары деңгейде, ұйымшылдықпен және әдістемелік тұрғыдан өтті.
📖 Жаңа оқу жылы құтты болсын!