«Дүниежүзілік Суицидтің алдын алу» бойынша біздің Өскемен қаласындағы №17 мектепте 9, 10 және 11 қыркүйек күндері акция ұйымдастырылады. Бұл акция балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға, өмірге деген жағымды көзқарасты қалыптастыруға және өмірдің құндылығын нығайтуға бағытталған.
09.09.2025 ж. педагог-психологтар 4-сынып оқушыларына тренинг элементтері бар сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – позитивті қабылдауды қалыптастыру, достық қолдау дағдыларын дамыту және отбасы құндылықтарын түсінуге ықпал ету.
Оқушылар белсенді түрде жаттығуларға қатысты, ойларымен бөлісті және өздерінен де, айналасындағылардан да жақсылықты көруге үйренді. Сабақтың атмосферасы күлкіге, жылы сөздерге және әр баланың маңызды әрі құнды екенін сезінуге толы болды.
Акцияның жалғасы – мотивациялық постерлер көрмесі және басқа да іс-шаралар 10 және 11 қыркүйек күндері өтеді.
Қыркүйек айында біздің мектепте өмірдің, отбасының және достықтың құндылықтарын нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.
 🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
Акция проводится в нашей школе № 17 города Усть-Каменогорска 9, 10 и 11 сентября и направлена на профилактику суицидального поведения среди детей и подростков, формирование позитивного взгляда на жизнь и укрепление ценности жизни.
09.09.2025 педагогами – психологами для учащихся 4 класса было проведено занятие с элементами тренинга, направленный на формирование позитивного восприятия, развитие навыков дружеской поддержки и осознание ценностей семьи
Ребята активно участвовали в упражнениях, делились мыслями и учились видеть хорошее в себе и в окружающих. Атмосфера занятия наполнилась улыбками, добрыми словами и верой в то, что каждый ребёнок важен и ценен.
Продолжение акции – выставка мотивационных постеров и другие мероприятия, которые пройдут 10 и 11 сентября.
В нашей школе в сентябре проходят мероприятия, направленные на укрепление ценностей жизни, семьи и дружбы.


