Бүгін біздің мектебімізде көптен күткен салтанатты мереке – 2025–2026 оқу жылының Алғашқы қоңырау мерекесі өтті!
Бұл күн – оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар үшін ерекше күн болды!
Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Абдрахманова Гүлмира Файзолдаевна сөйлеп, баршаға жаңа оқу жылында сәттілік пен биік жетістіктер тіледі.
Сондай-ақ құттықтау лебізін білдірген Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Светаш Александр Александрович білімнің маңыздылығын атап өтті.
Құттықтау сөзін Өскемен қалалық білім бөлімі қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері Юрова Юлия Владимировна айтып, оқушыларға жарқын әсерлер мен білім жолында табыс тіледі.
✨ Мереке өте әсерлі және есте қаларлық болды! Ата-аналар, балалар және ұстаздар зор қуанышқа бөленіп, ерекше көңіл-күй алды!
📚 Сахнада біздің балғын бірінші сынып оқушылары жүрекжарды өлеңдерін оқыды, сондай-ақ болашақ түлектер – он бірінші сынып оқушылары жүректен шыққан, ізгі тілекке толы әсерлі өлең жолдарын оқыды.
Мерекенің соңында керемет флешмоб ұйымдастырылып, баршаға қуаныш пен көтеріңкі көңіл сыйлады!
🎉 Мереке ойдағыдай өтті! Жаңа оқу жылы басталды – алда жаңа білім, жаңа ашылымдар және үлкен жетістіктер күтіп тұр!
