Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
“Отан отбасынан басталады”,- деп бекер айтылмаған, адам баласына берілетін тәрбиенің негізі отбасында қалыптасып, үлкен өмірге де осы шаңырақтан қанаттанады.
Отбасы – қоғамның басты тірегі, Отанымыздың ошағы. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың бақытты болашағы. Біздің мемлекетіміздің маңызды саяси бағыты – осы институтты берік сақтай білу.
Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді.
Отбасы күні аудан тұрғындарына амандық және баянды отбасылық бақыт әкелсін.
Сердечно поздравляем вас с добрым и светлым праздником – Днем семьи!
Этот праздник дорог каждому из нас. Именно семья – основа общества, в ней формируется личность человека.
Тепло родного очага, любовь, внимание и забота родных поддерживают нас и дают силы созидать, вселяют уверенность в завтрашнем дне.
Крепкая, дружная и счастливая семья – тот незыблемый фундамент, на котором строилось и строится наше государство. Из историй многих поколений семей складывается история нашего суверенного независимого государства.