5 қыркүйекте М.Әуезов атындағы №17 орта мектебінде Қазақстан халқы тілдері күні мен Қазақтың аса көрнекті қоғам қайраткері, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 10-сынып оқушыларының қатысуымен 10 күндік іс-шарының салтанатты ашылауы өтті. Іс-шара барысында О.Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың бұқаралық бөлімінің меңгерушісі – Руслан Бабиров ақынның шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлумат берді. Кітапхана қызметкері Аксютина Н.Е. кітап көрмесін, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері-Ильясова Г.С., Бекшеинова С.Е. 10 сынып оқушыларына викторина өткізді.
Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері-Ильясова Г.С., Бекшеинова С.Е.
Кітапхана қызметкері: Аксютина Н.Е.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сагинаева Г.М. 5 қыркүйекте 11 сынып оқушыларына «Ұлт ұстазы-Ахмет», 6 қыркүйекте 10-А сыныпта «Ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттар барысында ақынның кітаптары мен шығармалары таныстырылып, ақын шығармашылығы туралы мол мәліметтер айтылды. Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің мұражайы бойынша түсірілген видео таныстырылым көрсетілді.
Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сагинаева Г.М.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 2 сыныптар арасында «Ахмет Байтурсынов мысалдары оқушы қылқаламында» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарын түсініп оқып, өз ойларын, пікірлерін, көзқарастарын мысалдардың мазмұнын суреттеу арқылы аша білді.
Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Шарыпова Д.А., Мамуканова Г.А.









