Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында болады. Бүгінгі таңда мемлекет балалардың құқықтарын қорғау және балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қорқыту үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша елеулі шаралар қабылдауда. Мұндай фактілерді болдырмау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы URPAQ (“ұрпақ”) жобасын әзірледі. Жобаның бірегейлігі мынада: “Telegram” мессенджерінде “vko_urpaq_bot” аттас боты құрылды және балалардың құқықтарының бұзылуы туралы мәліметтерді жинауға, оларға жедел ден қоюға және өтініш білдіргендерге шұғыл көмек көрсетуге арналған автоматтандырылған жүйе болып табылады.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
Вопросы защиты прав и законных интересов несовершеннолетних находятся на особом контроле органов прокуратуры. На сегодняшний день государством принимаются существенные меры по защите прав детей и ужесточению ответственности за противоправные действия в отношении детей, в т.ч. насилия и буллинга. Для предотвращения таких фактов прокураутрой Восточно-Казхастанской области разработан проект URPAQ («Поколение»). Уникальность проекта заключается в том, что в мессенджере «Telegram» создан одноименный бот «vko_urpaq_bot» и представляет собой автоматизированную систему для сбора сведений о нарушениях прав детей, оперативного реагирования на них и оказания экстренной помощи обратившимся.

