2025 жылдың 30 қаңтарында Өскемен қаласының 11 сынып оқушылары ҚР ІІМ Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдерімен кездесті. Академия-Қазақстанның ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары арнаулы оқу орны болып табылады. Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: «Құқық қорғау қызметі»; «Педагогика және психология»; «Әлеуметтік жұмыс»; «Құқық қорғау қызметі» (ғылыми-педагогикалық магистратура); « Құқық қорғау қызметі « (ғылыми-педагогикалық докторантура). Балаларға Академияның тарихы, дайындық жүргізіліп жатқан мамандықтар, оқуға түсу шарттары мен оқыту нысаны туралы айтылды. Сондай-ақ, оқушыларға курсанттық өмір туралы презентация мен бейнероликтер көрсетілді, телефон нөмірлері бар буклеттер таратылды, олар бойынша ЖОО қызметкерлері талапкерлермен және олардың ата-аналарымен консультациялар жүргізеді. Кездесу барысында балалар қандай емтихандарды тапсыру керек, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер, сырттай оқу формасына қабылдау жүргізіле ме, ҰБТ тапсыру кезінде қанша балл жинау керек, басқа жоғары оқу орындарынан ауысу мүмкін бе деген сұрақтарға қызығушылық танытты. Қызу диалог өтті, балалар өз сұрақтарына толық қамтыған жауап алды.