2025 жылдың 17 ақпанында мектебімізде ұстазымыз – Ауған соғысының ардагері, технология пәнінің мұғалімі Серік Ғадылбекұлы Қадыровтың қатысуымен 5 сынып оқушыларына «Ерлік» сабағы өтті. Шара басында мектеп директоры Гульмира Файзолдаевна Абдрахманова балаларға Ауғанстандағы соғыс оқиғалары, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласынан барған жауынгерлердің қазасы туралы айтып, қаламыздағы ауған жауынгерлеріне арналған ескерткішке тоқталды. Одан кейін С.Ғ.Қадыров балаларға Ауғанстандағы әскери борышын өткерген жылдарына тоқталып, оның кейін мектебімізде қалай еңбек етіп, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысқаны туралы әңгімеледі. Бұл әскери оқу-жаттығу жиындары, «Зарница» ойыны, «Ерлік сабақтары», Ауған күніне арналған іс-шаралар және тағы басқа.
Құрметті қонақтың алдында мектеп белсенділері Тянь Марк, Гончаренко Глеб және Карпова Мария шығармашылық өнер көрсетті. Кездесу соңында оқушылар естелік ретінде С.Ғ.Қадыровпен суретке түсті.Кездесу оқушылардың жүрегін елжіретіп, қонағымызға қызықты да тартымды әңгіме үшін алғыстарын білдірді.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
17 февраля 2025 года в нашей школе прошел Урок мужества с участием нашего педагога – ветерана афганской войны, учителя технологии Кадырова Серика Гадылбековича для учащихся 5-х классов. В начале мероприятия директор школы Абдрахманова Гульмира Файзолдаевна рассказала ребятам о событиях войны в Афганистане, о потерях воинов из Восточно-Казахстанской области и г.Усть-Каменогорскв, рассказала о мемориале воинам-афганцам в нашем городе. Затем перед ребятами выступил Кадыров С.Г., который рассказал о годах воинской службы в Афганистане, о том, как работал потом в нашей школе и занимался военно-патриотическим воспитанием молодежи. Это военно-полевые сборы, игра “Зарница”, Уроки мужества, мероприятия, посвященные Дню афганца и многое другое. Ребята-активисты школы Тян Марк, Гончаренко Глеб и Карпова Мария выступили перед почетным гостем с творческими номерами. В завершении встречи ребята сфотографировались с Кадыровым С.Г. на память. Встреча затронула сердца ребят, которые искренне поблагодарили нашего гостя за общение и интересную беседу.
#Біртұтас_тәрбие