Skip to content

2025 жылғы 28 сәуірде 1-11 сыныптар үшін «Қазақстан Республикасы халқының…

2025 жылғы 28 сәуірде 1-11 сыныптар үшін «Қазақстан Республикасы халқының бірлігі күніне» арналған «Халық бірлігі – ел байлығы» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарының мақсаты-отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және дамыту, оқушыларда толеранттылық туралы адамгершілік ұғымын қалыптастыру. Балалар мерекенің пайда болу тарихы туралы шағын әңгімелер дайындады. Бұл мереке – біздің мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуінің кепілі болып табылатын бейбітшілік пен келісімнің, достық пен бірліктің символы екендігі туралы айтылды. Қазақстан халқы мектеп Кіші Ассамблеясының дамуы мен жұмысы туралы айтылды. Викторина сұрақтарына жауап берді. Мемлекетімізге бейбітшілік пен өркендеуді тіледі. 2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жылдығы атап өтілуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы-этносаралық үйлесімділікті нығайтуда шешуші рөл атқарған және әртүрлі халықтардың Қазақстанның біртұтас халқына интеграциялануына жәрдемдесетін бірегей қоғамдық институт. Бұл маңызды қадам Қазақстан халқының тарихи таңдауының және оның ата — баба құқығын жүзеге асырудың-өз тағдырының қожайыны болудың, өз жерінде өмір сүрудің, бостандық пен өркендеуге ұмтылуда өз даму жолдарын дербес айқындаудың жарқын нәтижесі болды!». Сізге денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *