Перейти к содержимому

4 маусым күні мектеп жанындағы лагерьде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер…

4 маусым күні мектеп жанындағы лагерьде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мазмұнды да тәрбиелік маңызы зор күн өтті.
Күн салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Бұл сәт балалардың бойында Отанға деген мақтаныш пен патриоттық сезімді оятты.
Одан кейінгі іс-шаралар мектеп кітапханасында жалғасын тапты. Балалар «Жақсылық ұмытылмайды» және «Қожанасырдың олжасы» атты қазақ халық ертегілерін оқып, талқылады. Бұдан соң асық ойнап, ұлттық дәстүрмен етене танысты.
Күннің ең қызықты сәттерінің бірі — Kahoot платформасында өткен «Менің Қазақстаным» және «Қазақстанның жануарлар әлемі» атты интерактивті викториналар болды. Балалар бұл ойындарда өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты. Сондай-ақ «Менің Отаным» атты викторина да ұйымдастырылып, оқушылар еліміз туралы білімдерін бекіте түсті.
Шығармашылық бөлімде балалар мемлекеттік рәміздер тақырыбында қолөнер бұйымдарын жасап, суреттерді бояп, өз өнерлері мен патриоттық сезімдерін көрсетті.
Күннің соңында балалар эстафеталық жарыста күш-жігерлерін сынап, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті. Бұл күн балаларға ұмытылмас әсер сыйлап қана қоймай, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *