2025 жылғы 3 қазан күні мектебімізде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты концерт өтті! Бұл күн – балаларға білім мен тәрбие беріп, болашаққа жол сілтейтін ардақты ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықтың ерекше мерекесі болды.
Оқушылар ұстаздарына деген алғыстарын әсем әнмен, әсерлі өлеңмен, көркем би және жылы лебіздерімен жеткізді.
Зал мерекелік көңіл күйге толып, көрермендердің қошеметі мен шын жүректен шыққан алғыстары ұстаздар қауымына үлкен қуаныш сыйлады.
Бұл шара ұстаздық мамандық – жүрек пен мейірімге, сабыр мен сүйіспеншілікке негізделген ұлы кәсіп екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Мерекелік концертті ұйымдастыруға атсалысқан дарынды оқушыларға, белсенді ата-аналарға және педагогикалық ұжымға шексіз алғыс!
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
3 октября 2025 года в нашей школе состоялся праздничный концерт, посвящённый Дню учителя!
Этот день стал настоящим торжеством добра, уважения и благодарности тем, кто каждый день открывает детям дорогу к знаниям и мечтам.
Ученики подготовили яркие творческие номера: звучали тёплые слова признательности, трогательные песни, зажигательные танцы и искренние поздравления любимым педагогам.
Зал наполнился атмосферой радости, улыбок и аплодисментов. Каждый выступающий вложил в своё выступление душу, а учителя с гордостью и эмоциями принимали поздравления от учеников.
Праздник напомнил всем, что профессия учителя — это призвание, требующее сердца, терпения и любви.
Спасибо нашим талантливым детям, активным родителям и педагогическому коллективу за создание такой душевной атмосферы!
