2025 жылдың 8 желтоқсанында ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне қарасты М. Әуезов атындағы №17 орта мектепте 1 және 5-сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында мектеп директоры Абдрахманова Гүлмира Файзолдаевна құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, оқуда зор табыс тілеп, өз елінің лайықты азаматтары болуға шақырды.
Сонымен қатар мектептің Ұланбасысы — Мария Карпова да құттықтау сөзін айтып, қабылданушы оқушылармен бірге жас ұландық пен жас қырандық анттарын оқыды.
Салтанатты рәсімнен кейін мектеп әкімшілігі мен мектеп парламентінің мүшелері оқушылардың төсбелгілерін тағып, көгілдір түсті галстуктарын байлап берді. Бұл — адалдықтың, абыройдың және жарқын болашаққа деген ұмтылыстың символы.
Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына қабылданған шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдіреміз!
