2025 жылдың 4–6 қараша аралығында Мұхтар Әуезов атындағы №17 орта мектепте оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсау қаупінің алдын алу тақырыбында ата-аналар жиналыстары өтті.
Құрметті ата-аналар!
Балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты аса маңызды әрі өзекті тақырыпқа арналған бұл жиналысқа қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Жиналыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:
✅ Жасөспірімдердің эмоционалдық және психологиялық қиындықтарының негізгі себептері;
✅ Балалардың мінез-құлқындағы ескерту белгілерін дер кезінде байқап, алдын алу жолдары;
✅ Отбасындағы сенімді қарым-қатынастың және тұрақты байланыс орнатудың маңыздылығы;
✅ Стресске төзімділікті арттыру мен психологиялық қолдау тәсілдері;
✅ Отбасында жайлы эмоционалдық орта қалыптастыру бойынша ата-аналарға ұсыныстар;
✅ Көмекке жүгінуге болатын мамандар мен тиісті қызмет түрлері туралы ақпарат берілді.
Жиналыс жылы, ашық атмосферада өтті. Ата-аналар сұрақтар қойып, маңызды мәселелерді көтерді және өз тәжірибелерімен бөлісті.
Осы игі бастамалар – мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайта отырып, балаларымыздың қауіпсіз әрі бақытты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Ізгі ниетпен, мектеп әкімшілігі


