2025 жылдың 16 маусымында мектебімізде 2024-2025 оқу жылының 9-сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы аттестат тапсыруға арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Акт залына 9 сынып оқушылары, ата-аналар, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі жиналды. Мектеп директоры Абдрахманова Г.Ф. және сынып жетекшілері балаларға тілек сөздерін арнады.
Түлектерге аттестатпен бірге мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. 2024-2025 жылдары 9-сыныпты бітірген 76 түлектің 8-і үздік аттестат алды. Біз осындай жоғары нәтижені мақтан тұтамыз! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
16 июня 2025 года в нашей школе состоялся торжественный праздник, посвященный вручению аттестатов об основном среднем образовании выпускникам 9-х классов 2024-2025 учебного года.
В актовом зале собрались девятиклассники, родители, классные руководители и администрация школы. С напутственными словами в адрес ребят выступила директор школы Абдрахманова Г.Ф. и классные руководители. Вместе с аттестатом выпускникам были вручены благодарственные письма за активное участие в общественной жизни школы. В 2024-2025 году из 76 выпускников 9 класса 8 человек получили аттестаты с отличием. Мы гордимся таким высоким результатом! Поздравляем всех с окончанием учебного года!
#Біртұтас_тәрбие
