2 маусымнан бастап мектебімізде мектеп жанындағы жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Балалар лагерь өміріне қуанышпен оралып, оларды жаңа әсерлер, достармен кездесулер және қызықты оқиғалар күтуде!
Лагерьдің мақсаты:
• балалардың бос уақытын қауіпсіз, әрі тиімді ұйымдастыру;
• шығармашылық қабілеттері мен дене дайындығын дамыту;
• достықты, ұжымдық рухты нығайту.
Лагерь жұмысының жоспары:
Лагерьдегі әр күн — тақырыптық, түрлі іс-шараларға толы:
• Таңғы жаттығу мен сап — күннің сергек басталуы;
• Шығармашылық шеберлік сабақтары мен үйірмелер — сурет салу, қолөнер, театрландырылған көріністер;
• Ағылшын және қазақ тілі үйірмелері — көптілді тұлға қалыптастыру;
• Спорттық жарыстар — эстафеталар, қимыл-қозғалыс ойындары, шағын турнирлер;
• Танымдық сағаттар мен викториналар — білім көкжиегін кеңейту;
• Экскурсиялар мен сыртқа шығу іс-шаралары (мүмкіндікке қарай);
• Дарындылар күні, ойын күні, ертегілер күні және басқа да тосынсыйлар.
Лагерь 2 маусым мен 13 маусым аралығында, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8:30-дан 16:30-ға дейін жұмыс істейді. Барлық балалар ыстық тамақпен және мұғалімдер мен тәлімгерлердің қамқорлығымен қамтамасыз етілген.
Лагерь жаңалықтарынан хабардар болыңыздар — алда қызықты күндер күтіп тұр!
