2 маусым күні мектеп жанындағы лагерьдің оқушылары облыстық драма театрына барып, үлкен қызығушылықпен «Али-Баба» ертегілік қойылымын тамашалады.
Қойылымның қызықты желісі, көз тартарлық костюмдер, әсем музыкалық сүйемелдеу және актерлердің шебер ойыны балаларды шығыс ертегісінің нағыз атмосферасына бөлеп, үлкен әсер қалдырды. Балалар басты кейіпкердің оқиғаларын қызығушылықпен бақылап, онымен бірге қобалжып, жақсылықтың жеңісіне қуанды.
Театрға жасалған бұл саяхат балалар үшін жарқын оқиға ғана емес, сонымен қатар өнерге баулу, эстетикалық талғам мен мәдени көкжиегін дамыту жолындағы маңызды қадам болды.
Қойылымнан кейін балалар алған әсерлерімен бөлісіп, ұнаған сәттерді қуана талқылады. Бұл театр күні барлық қатысушылардың жадында ұзақ сақталары анық!
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹
2 июня учащиеся пришкольного лагеря посетили областной драматический театр, где с большим интересом посмотрели сказочный спектакль «Али-Баба».
Увлекательный сюжет, яркие костюмы, музыкальное сопровождение и талантливая игра актёров подарили детям настоящую атмосферу восточной сказки. Ребята с восторгом следили за приключениями главного героя, переживали за него и вместе с ним радовались победе добра.
Такой выход в театр стал не только ярким событием, но и важным шагом в приобщении детей к искусству, развитию их эстетического вкуса и культурного кругозора.
После спектакля дети поделились своими впечатлениями и с радостью обсуждали понравившиеся моменты. Театральный день надолго останется в памяти всех участников!
#Біртұтас_тәрбие
