15 сәуір күні ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған «Білім-Инновация» лицейі «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Олимпиаданың негізгі міндеттері: -оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, таризына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру; -тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау. «Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша байқауды қамтыды. Соның бірі, «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу) бағытына біздің мектептен 9 «В» сынып оқушысы Двуреченская Ульяна қатысып, ШҚО білім беру басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. “Бейнелеушілер” байқауының облыстық кезеңіне өзге ұлт тобы үшін келесі шығармалар тізіміне 10 тақырып ұсынылды:
Осы он тақырыптардың ішінен «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің мазмұнын қағаз бетіне бейнелеген Ульянаның жұмысына әділқазылар мүшелері өз бағасын берді.
Ульяна, осы оқу жылында қазақ тілі пәнінен облыстық және республикалық олимпиадаларға қатысып, бірнеше жүлделі орындарға ие болған болатын. Атап айтсақ, облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсында ІІІ орын, «Мұрагер» республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен «Абайтану» олимпиадасында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясына қатысып, бас жүлдені иеленген еді. Ульянаны жүлделі орындарымен құттықтаймыз, сәттілік тілейміз!!!
15 апреля ВКО «Восточно-Казахстанский областной специализированный лицей «Білім-Инновация» для одаренных детей города Усть-Каменогорска провел областной этап республиканской олимпиады по казахскому языку «Жарқын болашақ». Олимпиада "Жарқын болашақ" включала конкурсы по пяти направлениям. В направлении «Изобразители» (рисование произведений казахской литературы в жанре комикса), приняла участие Двуреченская Ульяна, ученица 9 «В» класса, и была награждена дипломом III степени. Ульяна изобразила на бумаге содержание сказки «Керқұла атты Кендебай».
Поздравляем Ульяну! Желаем новых достижений!